Аккредиттеу
Аккредиттеу ресми растау (куәлік) рәсімін білдіреді, оның барысында үміткердің белгіленген стандарттарға, өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі тексеріледі және расталады.
Агенттік Еуропада және әлемде қабылданған стандарттарға қатаң сәйкестікте институционалдық және мамандандырылған/бағдарламалық аккредиттеу рәсімдерін әзірледі. Бұл рәсімдер белгілі бір кезеңдердің орындалуын көздейді: 1) өзін-өзі тексеру; 2) сыртқы сараптаманы (сарапшылардың білім беру ұйымдарына баруы); 3) аккредиттеу шешімін қабылдау.
Біздің Агенттік білім беру мекемелеріне олардың оқыту бағдарламаларының сапасы мен беделін арттыруда қолдау көрсетеді. Біз шетелдік студенттерді тартуға және түлектердің дипломдарын халықаралық еңбек нарығында тану процесін жеңілдетуге жәрдемдесеміз.